Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Биология ,10-сынып Күні: 11. 03. 2014 жыл.
Жоғары санатты биология пәні мұғалімі Орынханова Сауле Ауезхановна
Сабақтың тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясымен таныстыру. 2. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. 3. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдіс:түсіндірмелі-мысалды,сұрақ-жауап,тест тапсырмалары,есептер шығару Көрнекілік:интербелсенді тақта,электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау . «Кім жүйрік?» (сұрақ – жауап)
1. Г. Мендельдің 1865 жылы шыққан еңбегі қалай аталады?
2. Генетика ғылымы нені зерттейді?
3. Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым?
4. Моногибридті будандастыруға анықтама
5. Генетика ғылымының жарыққа шыққан жылы?
6. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
7. Гомозигота ұғымын қалай түсінеміз?
8. Толымсыз доминанттылық мәні неде?
9. Полигибридті будандастыру мәні.
10. Мендельдің бірінші заңы
11. Дигибридті будандастырудың тәуелсіз ажырау заңдылығын түсіндір.
ІІІ. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау.
IV. Жаңа материалды түсіндіру:
1. Морган жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жеміс шыбыны-дрозофилаға тәжірибе жүргізді. Олбір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен ажырап кетпей ,көбіне бірге тұқым қуалайтынын анықтады.
2. Жетілген қанатты сұр шыбын BBVV мен жетілмеген қанатты қара шыбынды bbvv алып будандастырды. F ұрпақтағы будандық даралардың барлығы біркелкілік заңына сәйкес генотипі BbVv дигетерозиготалы,фенотипі бойынша жетілген

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: