жорығы?
4. Халықтың Тәуке ханға берген атауы
5. Жоңғар шапқыншылығы неше жылға созылды?
ІІ тур тапсырмалары "Тарихи бас қатырғыш".
1 - топ тапсырмалары: "Тұрсын ханның бүлігі".
2 - топ тапсырмалары: "Орбұлақ шайқасы".
3 - топ тапсырмалары: "Ханның негізгі міндеттері".
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
IV. Жаңа сабақ жоспары:
1. Тәукенің хан тағына отыруы.
2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
3. "Жеті жарғы" заңдары
4. Ұлы билер.
Тәуке болып ханымыз, Рахат тауып жанымыз, Он сан алам бірігіп Ойран болды жауымыз. (Халық өлеңі).
Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрын-соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды өткізген. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберетін болсақ, елдің санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір оқиғалардың соқпақтарын аңғарамыз.
Сол соқпақтардың бойында елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі, тарихтағы іздері осы күнге дейін сайрап жатыр. Міне, осы ұлы тұлғалардың бірі Тәуке хан ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә. Батыр да, хан да, қара да бола білген өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алады.
Тегі жағын алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есімханның немересі, Жәңгір ханның баласы, Шежіре түрінде қарасақ:
Керей Мұрындық Жәдік Шығай Есім Жәңгір Тәуке Болат, Сәмеке, Қосым, Қасым, Көшін,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>