Тәуелсіздікті ту еткен бабалар!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ында қатарларынан асып туған небір батырлар, билер өткен. Солардың бірі емес, бірігейі болған әкелі-балалы Байжан мен Сартай билер. Бұл есімдер 300-жылдан кейін де ұмытылған емес. Қандай бір кезеңдерде де бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігіне сатауға белсене араласқан игілікті істерін халық жадынан шығара алмады, - дейді зерттеуші ғалым Тынышбек Дайрабаев.
2-жүргізуші: Сартай батыр Әлімнің Жақайым руынан, атақты Байжан бидің баласы. Жоңғар-қазақ соғысы кезінде 15-16 жасар 1000-нан астам жасөспірімнен жасақ құрып, Әбілқайыр бастаған қазақ әскерлеріне қосылып, Шідерті өзенінің бойында қалмақтарға тойтарыс беруге қатысқан. Кейін би болған. Бейіті Арал ауданында. Сартай батыр туралы оның ерлігі туралы, көптеген дастан жырлар болған.
Ән: Тоғаева Толғанай «Қазақтың қара баласы».
1-жүргізуші: Сартай батыр туралы дастан жазған Нұрмағанбет Қосжанов халық жауы атанып, атылып кеткен. Ол кісінің бірақ кейінгі ұрпағына қалдырған «Сартай батыр» кітабы мұра болып қалды. Ол дастанда елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа шақыру жағы басым. Сексен жастағы қарт батыр Бүкіректен бастап, он екі жастағы Жылқаманға дейін жауға аттанудың өзінде елді сүю, асқан патриотизм жатыр.
2-жүргізуші: «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, Байжан би баласына былай деп бата берген екен:
- Қолынды жай жан балам!
Дұғаға толсын уысың
Дәулет беріп жасаған,
Мол болсын бағың, ырысың.
Бағың өрлеп биікке,
Тарасын елге дыбысың.
Жау ішіне кіргенде,
Көрінсін көпке ұрысын.
Ел ішіне келгенде,
Көрінсін көпке ұрысын.
Ел ішіне келгенде,
Әділдікпееен әдетпен,
Жұртыңа жақсын жүрісің,
Орайы келіп тез бітсін,
Қолыңа алған ием жар болып,
Аллаһу әкпар!Дұғамның
Қазағың көрсін ырысын.
1-жүргіз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: