пасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. Әлемдік діндер съездерінің өткізілуі - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.
2002 жыл "Денсаулық жылы" деп жарияланды.
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.
2002 жылы 24-26 қарашада - Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).
2003-2005 жылдары -"Ауылды қолдау жылы" деп жарияланды.
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне композитор Ш. Қалдаяқовтың (сөзі Ж. Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған "Менің Қазақстаным" әні алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н. Ә. Назарбаев
2007 жыл "Қазақ тілін қолдау" жылы деп жарияланды.
2009 Мемлекет басшысы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.
2011 жылы Қазақстанда жетінші қысқы "Азиада-2011" өтті.
2012 жылы Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алды.
Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы - "Қазақстан 2050" стратегиясы.
2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы аталып өтілді.
Жүргізуші
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Тәуелсіздік- ол ұлттық мемлекеттілік.
Оның тамыры- жасампаздық. Тәуелсіздіктің ұраны: "Ел мен халық". Олай болса Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтары мен жақсылықтарына ұмтыла бермек!
Жүргізуші
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>