ларация – заңды шаралардың негізгі принциптерін үкіметтің немесе партияның атынан ресми түрде мәлімдеу.
Делимитация – шекараны белгілеу. Келіссөздер жүргізу жолымен мемлекеттер арасындағы шекара сызығының ортақ бағытын анықтау.
Демаркация – мемлекеттік шекараны арнайы шекаралық бағандармен белгілей отырып жүргізу.
Демократия – (гректің демос – халық және кратос – билік деген сөздерінен шыққан) халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекет түрі.
2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3. Қоғамдық құрылымның мұраты.
Дипломатия – мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу құралы, әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы.
Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.
Ислам Конференцияся Ұйымы (ИКҰ) – әлемдегі Ислам мемлекеттерінің басын қосатын халықаралық ұйым, 1969 жылдың 25 қыркүйегінде құрылған.
Компромисс – таласқа қатысушы жақтардың бір-бірінің талаптарын қабыл алып, келісімге келуі.
Консенсус – халықаралық ұйымдарда, конференцияларда және кеңесулерде шешімді тұтас қабылдауға кез келген қатысушы тарапынан формальды қарсылық болмаған жағдайда және дауыс беру тәртібін өткізбей шешім қабылдаудың әдісі, орындалу түрі.
Конституция – (латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру). Қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 1-ші бабына сәйкес мемлекеттің шебін айқындайтын сызық /құ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>