Тақырыбы: "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" дөңгелек үстел.
Қатысушылар 8-9 сынып
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру
"Көк тудың желбірегені" әнімен қолдарына жалауша, шар ұстаған оқушылар сыныпқа кіреді.
-Армысың, шұғылалы алтын күнім,
Армысың, тәуелсіз елім менің,
Армысың, тәуелсіз елімнің ұландары!
-Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Ол ел қалай аталады?
Иә, дұрыс. Ендеше, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде елміздің тәуелсіздігіне арналмақ.
oo Топқа бөлу. Ынтымақ, Татулық, Азаттық, Бірлік
Армысыздар қадірменді оқушылар мен ұстаздар қауымы!
Шарықта, шарла көкті көк байрағым
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым
Ал самға ,әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым. Гимн
-Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы ҚР-ның жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. ҚР-сы 1991 ж 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қаз-ды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай, бүгінгі "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын.
1991 ж КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қаз-да болды. 1991 ж 16 желтоқсанда Қаз-ң жоғары Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы Заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 ж 25 қазанда қабылданға
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>