Тәуелсіздік - ел тілегі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

өтеріп жауап беріп, тақпақ айтады. )
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар,ендеше шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық. Слайдтан қарап би қимылдарын жасайды.
Тәрбиеші:
-Балалар, біз келген қонағымызды құр қол жібермейік. Қазақ халқы қонақжай, тату ел соған байланысты қолөнер жұмыстарын сыйға тартамыз. Ендеше жұмысымызға кірісейік.
-Үш топ алдарыңызда берілген қолөнер жұмыстарын топ мүшелерімен бірге бірігіп жасап аяқтаңыздар.
(Балалар жұмыстарын аяқтап, Томпаққа сыйлыққа береді. )
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар жұмыстарыңды Томпаққа сыйға бере қойыңыздар.
Томпақ:
-Рахмет. Сендердің білімді балалар екендеріңе куә болып тұрмын. Білімдеріңмен қатар, қолдарыңнан көп нәрсе келеді екен. Өзімнің ғаламшарыма сендерді мақтап барамын. Ұйымдастырылған оқу қызметіміздің өз мәресіне жеткенін көріп тұрмын. Бүгін достықтарың мен татулықтарың жеңіске жетті. Рахмет балалар! Бүгінгі Тәуелсіздіктің 26 жылдығы құтты болсын! Сендердей дарынды, ақылды, тапқыр да білімді ұл-қыздары бар Қазақстан шарықтап, жайнап, көркейіп, гүлдене берсін. Бейбітшіліктерің тарқамай, мәңгілік тәуелсіз ел болыңдар! Сау болыңдар, балалар, келесі кездескенше! (Шығып кетеді музыкамен).
Тәрбиеші:
-Ия, сізге де бізге келіп қонақ болып, балалардың патриоттық білімдерін сынап, шыңдағаныңыз үшін рахмет айтамыз. Сау болыңыз! Ия, балалар, қонағымыз да өз ғаламшарына аттанды. Сендердің білімдеріңе дән риза. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы қарсаңында атсалысып, бар білімдеріңмен бөліскендерің үшін көп рахмет. Бізді тамашалап алтын уақыттарын бөліп келіп отырған қонақтарымызға да ерекше алғыс! Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!


























Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: