Тәуелсіздік - ел тілегі

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

рәміздерімен, ҚР Президентімен таныстыру;
ә) Бүлдіршіндерді елін, жерін, ұлтын сүюге тәрбиелеу;
б) Патриоттық сезімдерін қалыптастырып, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: рәміздер, буклет, Президенттің суреттері, жалаушалар.
Тәрбиеші: Құрметті "Айгерім" балабақшасының ұжымы, балабақша бүлдіршіндері, бүгін ҚР туған күні!Еліміздің көптеген жылдар бойы армандап келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып, ешкімнің есінен кетпес ұлы күн бұл - 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні! Бүгін осы мерекеге арналған "Елімнің еркіндігі -тәуелсіздік" атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
(топтың іші мерекеге сай безендірілген. Мерекелік киімдерін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен топқа билеп кіреді)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Тәрбиеші: 1. Балалар, менің қолымда ненің суреті салынған?Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
(ту, елтаңба, әнұран)
2. Туды сипаттап кім айтады?Түсі қандай, ортасында қандай құстың суреті салынған, тудың жиегінде не бар?
3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
4. ҚР-ның Президенті кім?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, енді біз ел, туған жер, Астана, отбасы жайлы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Әбілмансұр
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер,
Отан - Ана,
Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел
Арнұр
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Мирас
Тәуелсіздік - Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Дильназ
Бой көтерді бір қала
Ол біздің сұлу Астана,
Астанада бәрі бар
Қараймыз оған шаттана.
Сағида
Тәуелсіздік - ел болу
Ынтымақпен

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: