і Садбекова А. Н.
1-бөлім. "Кел, танысайық!"
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлесдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын
Әр топ ортаға шығып өз топтарынының атын, ұранын таныстырады.
2-бөлім "Бәйге"
Білімнің ұшқырлығын танып сен
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлықпен шапшаңдық
Бұл сайыста керек екен.
Ұяшықтарды таңдап жауап береміз.
1. "Үш бақытым" өлеңінің авторы?(Мұқағали Мақатаев)
2. Тіл туралы бір шумақ өлең айт?
3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада?(Түркістан)
4. Қазақстанның астаналары болған қалалар?(Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
5. Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?(2006 жыл, 6 қаңтар)
6. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін алғаш қай мемлекеттер таныды?(Түркия, Германия, Америка құрама Штаттары, Пәкістан)
7. Семей полигоны қашан жабылды?(1991 жыл, 29 тамыз)
8. Мемлекеттік рәміздер туралы Заң қай жылы қабылданды?(1992, 4-маусым)
9. Дүние жүзі қазақтарының I құрылтайы қашан өтті?(1992 жыл, 29 қыркүйек)
3-бөлім "Тіл жүйрігі" мақал-мәтел жарысы.
Шыңда тұрған шынардай арманы бар
Тіл өнерін көрсетсін ұл мен қыздар
"Тіл жүйрігі" кезеңіне келіп жеттік
Ойлантып отырғанды таң қалдырып
Мақал-мәтелдің жалғасын табамыз. Барлығы 16 мақал-мәтел. Әр топқа 8 мақалдан қойылады топтар кезектесіп жауап береді.
1. Ер шекіспей . . . . . . (бекіспейді)
2. Ел болам десең достас, . . . . (Қор болам десең қастас)
3. Ер татулығы-. . . . (ел татулығы)
4. Ел бірлігі-. . . (ел теңдігі)
5. Еліңді сүйсең, . . . . . (ерлік істейсің)
6. Ер жігіт елі үшін туады, . . . . . (елі үшін ө
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>