Тәуелсіз елдің ұланымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

--
Білім беру саласы: Таным. Денсаулық.
--
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Дене шынықтыру.
--
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.
--
Мақсаты: Балалардың Отанға сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екенін көз жеткізу. Балалардың денсаулықтарын нығайту. Денелерінің түзулігін қалыптастыру. Қимылдардың үйлесімдігін, тепе-тендігін дамыту, кеңістікті бағдарлауға үйрету. Жаттығулар жасаудан ләззат алу.
--
Алдын-ала жасалған жұмыстар: 16 желтоқсан Қазақстан Республиканың тәуелсіз күні түралы әңгімелесіп, отан туралы өлең-тақпақтар, әндер жаттау,. Тәуелсіз қазақ елі әскерлерімен таныстыру (теңізші, танкист, ұшқыш, шекарашы т. б. )
--
Қажетті құралдармен жабдықтар: қабырғалы тақтайша, кірпіштер, доға, султанчиктар, ойыншық ұшақ, түрлі-түсті кемелер, бөшке.
--
Сабақтың барысы:
--
Сәлеметсіздер ме, құрметты әріптестар! Бүгінгі "Ботақан" тобының "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты мерекелік ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Мерекелеріміз құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
--
Ал, кәнеки, қонақтар,
--
Ортаға назар салайық.
--
Балаларымыз келеді,
--
Қол соғып, қарсы алайық!
--
"Сарбаздар" маршы ойналып, балалар залға бір-бірінің артынан саппен кіреді (қонақтармен амандасады)
--
Тәрбиеші орындықтарға отыруға ұсынады
--
Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
--
Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.
--
Балалар, желтоқсанда біздің еліміз қай мерекені тойлайды? (Б. ж: Тәуелсіздік күнін)
--
"Тәуелсіздік" дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жеріміз, тендігіміз, еліміз бар.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: