Күні: 21. 09. 2015
Сыныбы: 1
Пән мұғалімі: Нусипбекова А. С
Пәні: тәрбие сағаты
Сілтеме
Сабақ жоспары
Оқулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық бет
Сабақтың тақырыбы
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Жалпы мақсаттар:
(Білімділік,
тәрбиелік, дамытушылық)
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ ойлы сөздер айту арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту. Өз ана тілін мемлекеттік тілді көрсетуге, басқа ұлттардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
1. Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде тиімді пайдаланады.
2. Танымдық тағылымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды.
3. Өзін-өзі бағалап, реттеуге үйренеді
Сабақтың түрі, типі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері
Жұптық жұмыс, ұжымдық жұмыс оқыту үшін бағалау. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер т. б.
Дерек көздер
"Ел-назар" журналы, "Тәрбие құралы" журналы.
Қажетті құралдар
Суреттер, маркер, нақыл сөздер, мақал мәтелдер.
Түйінді идеялар
Жұптық жұмыста, ұжымдық жұмыста жылдамдыққа үйрену.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
І. Ұйымдастыру
1. Амандасады, түгендейді
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Анатілімболмаса,
Бүтінделмескемдігім. . .
Амандасады, кезекші оқушы жауап береді
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>