Құтты болсын, Жаңа жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

МКҚК "Жазира" балабақшасы
Тәрбиеші: Бәшенова З. Ж.

"Құтты болсын, Жаңа жыл!"
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, маймыл, аққала,фея,сиқыршы, балалар, ата - аналар.
Музыка ойнап тұрады. Балалар ортаға жүгіріп келеді. Сиқыршы балаларды ұйықтатып тастайды.
Фея келіп сиқырлы таяғымен оятады.
Музыка әуенімен бәрі "Жаңа жыл" биін билейді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Біз сіздерді "Балдәурен" ортаңғы тобының атынан Жаңа 2016 мешін жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт, денсаулық тілейміз,
Жүргізуші: Ән тындап, би билейік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
Балалар: "Жаңа жыл құтты болсын"
Жүргізуші: "Құтты болсын, Жаңа жыл!" атты Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі М. М. Икрамқызына беріледі.
Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән: "Аппақ-аппақ"
Жүргізуші: келесі кезекті балалардың жаңа жылдық құттыққтау тілектеріне берелік.
Тақпақтар: Арыстан, Арай, нұриман, Нұрай.
Арыстан . Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр . . .
Жасыл шырша жанып тұр,
Барлық бала билеп тұр.

Арай Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: