Тәрбие сағатының тақырыбы: Төтенше жағдайлардан сақтана біл!
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды азаматтық қорғаныс туралы және төтенше жағдайлардың түрлерімен және олардан сақтану шараларымен таныстыру, алғашқы медициналық көмек көрсете білуге үйрету;
2. Оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін кездейсоқ жағдайларға қарсы тұра білуге дайындау;
3. Оқушылады ізденімпаздыққа, ынталылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: мультимедиялық проектор,
алғашқы медициналық көмек туралы слайдтар
Сабақты жүргізу барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Баяндама
3. Негізгі бөлімі
4. Сабақты қорытындылау
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, сабақтын өткізу мақсатымен таныстыру сонымен қатар жоспармен таныстыру;
Слайд 1
ІІ. Оқушы Саден Дархан өзінің әзірлеген "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар" баяндамасын оқып береді. Слайд 2
Дархан баяндамасын слайд арқылы қызықтыра баяндауға тырысты
ІІІ. Негізгі бөлім:
Оқушыларды үш топқа бөлемін, оларға күні бұрын тапсырмалар берілген болатын. Сонымен қатар қатысып отырған оқытушылардан әділ қазылар алқасын сайлаймын. Әділ қазылар әр бөлім бойынша баға беріп отырады.
І. Топты таныстыру, сәлемдемесі (жауаптарына қарай 5 балдық жүйемен баға беріледі)
Топ оқушылары сабаққа ынталана қатысты
ІІ. Үй тапсырмасы: әр топқа бөлінген тақырып бойынша жауап беру, слайд (оқушылардың берген жауабы мен құрған слайдтары бойынша баға беру)
Слайд 3
"Барыс" тобы Электржарақат. Электр тогының әсер ету белгілерін слайд арқылы қызықтыра түсіндірді.
Слайд 4
"Жалын" тобы Күйіктер. Күйіктің түрлері туралы өз білгендерін ортаға салуда.
Слайд 5
"Сақшыл
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>