қозы-лағың
Бағысатын жыл да осы.
Доңыз
Жылнаманың соңғы жылы -
Тағы шошқа -
Доңыз жылы
Баяғыдан мерекеге,
Берекеге толы жылы
Мұғалім:
Жыл атарын болдық талдап,
Әрі пікір алыстық біз.
Әр қайсысын жорамалдап,
Жеке - жеке таныстық біз.
ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда біз төрт түлік мал иелерімен танысамыз, бізге қандай пайдасы бар екенін білеміз, жазып отырамыз.
Дети посмотрите на рисунок, скажите, что изображено на нем, что связывает их с домашними животными.
Дұрыс балалар.
Көшпелі қазақ халқының өмірі, тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланыста болды. Жесе - азық, кисе - киім, мінсе - көлік. Малды қастерлеген, күтіп-баққан.
Енді осы төрт түлік мал иелері туралы айтайық.
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Түйе атасы - Ойсыл қара,
Қой атасы - Шопан ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба.
Дәптерге жазамыз.
Түйе - малдың үлкені.
Жылқы - малдың үркегі.
Сиыр - малдың сүттісі.
Қой - тірліктің құттысы.
Төрт түлік мал иелеріне сипаттама беріндер.
Біз сөйлейміз, күлеміз, айқалаймыз осы күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен білдіреміз, төрт түлік мал да дыбыстайды.
Қой маңырайды.
Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді.
Түйе боздайды.
Енді біз оларды шақырып көрейік
Биені құрау-құрау,
Түйені көс-көс,
Сиырды аухау-аухау,
Ешкіні шөре-шөре. Осыны әр оқышы қайталап шығады.
Қазір қай жыл мезгілі?
Дұрыс көктем. Көктемде мал төлдейді. Малдың төлін қалай аталатының білесіңдер ме? Сурет бойынша малдың төлдерін атап шығу.
Түйе - бота,
Сиыр- бұзау,
Қой - қозы,
Жылқы - құлын,
Ешкі - лақ.
Сөзжұмбақ шешу.
Сабақ қорытындысы:
Төрт түлік малды ата
Малдың төлін ата
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>