Тропикалық жемістер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Тропикалық жемістер.
Мақсаты: Балалардың сезім мүшелерін дамыта отырып, жемістер туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
Түзете - білімділік. Балаларды мүмкіншілігіне қарай жеміс атауларын атауды және олардың пішінін, көлемін, түсін, иісін, дәмін ажырата білуге үйрету. Оның ішінде тропикалық жемістермен таныстыру.
Түзете - дамыту. 1. Жемістерді сезіне отырып, зерттеу әдістеріне жаттығу. (Қарастыру, басу, сипау,иіскеу, дәмін тату). 2. Есту сақтау, бақампаздық, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорын молайту.
Түзете - тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімеле, ойын ойнау,сергіту сәті, тосын сый.
Көрнекіліктер: табиғи жемістер, муляждар, суреттер.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты
Күндей күліпдеп, бүгінгі сабағымызды бастаймыз!
Балалар, бүгінгі сабағымызды жұмбақпен бастағым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табыға тырысыңдар?!
Аспай түскен,
Қайнамай піскен. Ол не екен? (жауабы жеміс- фрукты)
oo Дұрыс, балалар! Жемістер екен.
2. Өткен сабақты қайталау
oo Өткен сабағымызда біз жемістер тақырыбына тоқталдық.
oo Балалар, жемістер дәрумендерге бай, денсаулыққа,адам ағызасына тигізер пайдасы мол. Біз жемістерді көп жесек, ауырмай үлкен болып өсеміз. Жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді. Олар бау - бақшада немесе орманды алқаптарда өседі. Біз оларды егеміз, суарамыз, баптап күтеміз, піскеннен кейін жинаймыз. Жеміс бұрын оларды жақсылап жылы сумен жуып, сүртіп жеу керек.
oo Балалар, сендер қандай жеміс түрлерін білесіздер?
oo Тақтадағы суретпен жұмыс.
Алма -яблоко, алмұрт-груша,жүзім - виноград, анар -гранат.
Муляжд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: