Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, оқушыларға түс, кескіндеме (живопись) өнері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылығы: Жас жеткіншектерге жылы түсті суық түсті ажырата білуіне, негізгі және қосымша түстердің ажырата білуіне ықпал ету.
3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды суреткерлікке, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі(типі) Аралас сабақ
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:
Интерак. тақта(слайд), көркем шығармалар, ұлы суретшілер
шығармалары, плакаттар.
Кезеңдер бойынша суретті орындау тәсілінің сызбасы. Түстік шеңбер суреті,
жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті,
жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь,
қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру:
1) Білімділік міндеттері:
А) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.
Ә) Оқушыларды қарым - қатынасқа психологиялық дайындау.
2) Кезеңінің мазмұны:
А) Сәлемдесу.
Ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Б) Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.
В) Сынып тазалығына көңіл аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- үйге берілген суретті тексеріп бағалау. Дұрыс салынған суреттерді оқушыларға көрсету, мадақтау.
- Қате салынған суреттерге сабақ барысында кемшіліктерін жеке түсіндіріп, қателеспеуге үйрету.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталау.
:: Графика дегеніміз не?
:: "Сурет өнері(графика)"- қағаз немесе қатырмақағаз (картон) бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, қылқалам көмегімен немесе баспа машиналарымен салынған сурет. Бұл сөз гректің "gra
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>