Төрле, төрле, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

лғасады жырға-жыр.
Ринат: Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып

Жансая : Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.
Алмәнсүр : Ән думанға ұлассын
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Құшағымыз міне ашық
Шалқыған күй, ән әзір.
Ақшақар : Ұлпа қарларым қайдасындар
Маған қарай ұшыңдар.
Би: "Қыздар биі"

Жанель : Сәлем достар аманда ?
Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық.
Нұрбек : Бұл-екінші үйіміз
Бір- туғанбыз бәріміз
Біз-осы үйдің гүліміз
Біз-осы үйдің сәніміз.
Балнұр : Біз күтеміз қаңтарда
Ақшақар, Аяз атаны
Сыйлық пен олар ал сонда
Береді бізге батаны.
Ақниет : Уақыт мол бөлеміз
Қыс қызығын қөреміз
Сары аязға шыңдалып
Шымыр болар денеміз.
Мансүр : Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күткен сағынып.

Жаңа жыл келді о, міне
Далама, далма жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шыға ғой менің төріме.

Бейбіт : Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт. Жаңа жыл
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл!

Жүргізуші : Бауырсақ домалап келе жатса алдынан Түлкі шығады.

Гүлсезім : Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ :Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремі.
Мен Атамнан да қаштып
Мен Апамнан да қаштым
Мен Қояннан да қаштым
Мен Аюдан да қаштым
Мен Қасқырдан да қаштым
Енді сенен де қашамын.

Гүлсезім : Сенің әнің өте әдемі екен. Даусың қандай керемет. Бірақ, жөнді естей алмай жатырмын. Бауырсақ сен менің түмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттарақ айтшы.
Жүргізуші : Бауырсақ түлкінің өзін мақтағ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: