Тәрбие

Страницы: 1 | 2  >  >>

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жаңа жылым -- тамаша.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1) Қыс туралы білімін бекіту.
2) Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке еке - нін балаларға түсіндіру.
3) Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.
Сөздік жұмыс: ырыс-құт, әлем.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жаңа жыл мерекесі суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?
Педагог балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеседі. Мереке туралы балалар өз ойларын айтады.
Тыныштық сәті: Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Көз алдарына Жаңа жыл мерекесін, жасыл шыршаға ілінген ойыншықтарды, шыршаны айналып ән айтып жүрген балаларды елестетеді. Жаңа жыл мерекесі қандай тамаша! От-шашулар не деген керемет. Көздерін ашады.
Көңіл күйлері жайлы әңгімелесу.
Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының "Жаңа жылым - тама - ша" өлеңін жаттау.
Әкелді жыл ырыс-құт:
Әлемде той, тыныштық.
Жарқын өмір жаңаша,
Жаңа жылым - тамаша.
Педагог: Қыс - жылдың қызықты мезгілі. Жаңа жыл мерекесі - отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Әрбір келген жыл ырыс, құт-берекесімен, өз жақсылығымен келеді. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды. Жаңа жыл мерекесінің қонақтары - Аязата мен Ақшақар.
Дидактикалық ойын: "Шыршаны құрастыр".
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Дәптермен жұмыс: Шыршаны безендір.
Қорытынды:
- Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды?
-

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: