шекпес" кімнің нақыл сөзі?
(Қорқыт ата )
8. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002ж. 8-тамыз)
9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке
тартылады? 14 жас
ІI топ
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
18жасқа толмаған адам ( бала)
"Өзін-өзі тану" бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
oo Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
V. "Гүлденген Қазақстан қандай мемлекет"тапсырма.
"Егер мен президент болсам, . . . "
эссе жазу (5-7минут)
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Ән "Көк тудың желбірегені".
Страницы: << < 1 | 2 | 3