Тұрақты ток генераторын зерттеу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тұрақты ток генераторын зерттеу

Жұмыс мақсаты:
Тұрақты ток генераторының құрылысы және конструкциясымен танысу. Генератордың параллель, тізбектей және аралас қоздырғыштарда негізгі сипаттамаларын түсіру арқылы (бос жүріс, қысқа тұйықталу, сыртқы және реттеу) қасиеттерін зерттеу. Генератордың өзін-өзі қоздыру шартын анықтау.

Жұмыс бағдарламасы:

1. Тұрақты ток генераторының құрлысы, конструкциясы және ерекшеліктерімен танысу.
2. Бағынышты емес қоздырғышты генератордың параллель орамдарына жүйеге қосып зерттеу.
2. 1. Ex f(Iв) номиналь айналу жылдамдықта және параллель қоздыру орамдарына жүйеден кернеу беру арқылы бос жүріс сипаттамасын түсіру.
2. 2. Номиналь айналу жылдамдыққа және қоздыру тогын өзгертпей U f(I) сыртқы сипаттамасын түсіру. Сыртқы сипаттамасын тұрғызу.
2. 3. Номиналь айналу жылдамдығында және якорь орамдарының қыспаларында кернеу өзгермей тұрғандаIв f(I) реттеу. Сипаттамаларын түсіру. Реттеу сипаттамаларын тұрғызу.
2. 4. Айналу жылдамдығы өзгермей тұрғанда Iн f(Iв) генератордың якорь орамдары қысқа тұйықталған кезде зерттеу.
3 Параллель қоздыру кезінде генераторды зерттеу.
3. 1. Генератордың өзін-өзі қоздыру шартын анықтау.
3. 2. Қоздырғыштың параллель орам тізбегінде кедергіні өзгертпей және номиналь айналу жылдамдығында реттеуші сипаттамасын түсіру. U f(I) реттеуші сипаттамасын тұрғызу.
3. 3. Номиналь айналу жылдамдықта және якорь орамдарында номиналь кернеу кезінде реттеу сипаттамасын түсіру. I f(I) реттеу сипаттамасын тұрғызу.
4. Орамдары сәйкестендіріліп қосылған аралас қоздырғышты генераторды зерттеу.
4. 1. Номиналь айналу жылдамдықта және параллель қоздыру орам тізбегінде кедергі өзгеріссіз болғанда сыртқы сипаттаманы түсіру. Сыртқы сипаттаманы тұрғызу.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: