Толағай

Страницы: 1 | 2  >  >>


"Толағай" спорттық жарысы
Жүргізуші: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында балабақшада "Толағай" ойын - сауық балалар мерекесін бастаймыз.
Бұл мерекеге "Қарлығаш" тобының бүлдіршіндері мен апайлары екіге бөлініп қатысқалы отыр.
("Толағай" музыкасы жүреді)
Ырғақты гимнастика
"Еркемай" тобы, "Жұлдыздар" тобы өз музыкалармен келіп, орындарына тұрады.
Жүргізуші: Бала деген бақытты еліменен,
Құдіреті қолында әлем деген.
"Толағайға" қатысқан қонақтарға
Байқауымыз басталсын сәлемменен.

1 - бөлім: Екі топ өздерінің ұрандарын, таңбаларын таныстырады)
Эстафеталық жарыс
Жүргізуші: Көңілді доп зымырап, Кеттің бізден тым алыс
Ал, балақай, жалғашы, Қалып қойма сен қалыс.

2 - бөлім: "Доп жалғастыру"
"Құрсаудан секіру"
"Сүрінбей өт" (кеглилердің арасынан өту)
Жүргізуші: Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп, шыға келген ел алдына
Бишілер ғажап еді биің қандай?
"Гүлдер" би тобы
Келесі сайысымыз "Кенгуру" жарысы
Әділқазылар ұпай санын беріп отырсаңыздар.
Тез жина сайысы: "Картоп жинау"
Жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас - кәріміз
Қайта оралған халқыма
Биленсін "Қара жорғамыз"
Ұлттық киім киген сайысқа қатысушылар ортаға "Қара жорға" биін билейді.
Осымен бүгінгі "Толағай" балабақша ішілік жарысымыз аяқталды.
























"Балауса" бөбекжай - бақшасы


Ортанғы "Жұлдыз" тобы

<

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: