Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты: Тұрақты ток заңдарын білу,
білімдерін тұрмыста, техникада күнделікті қажеттілікке қолдана білуге дағдыландыру. Токтың жұмысы мен қуатын анықтауды үйрету.
Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге өзіндік қор жасауға дағдыландыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: тыңдап түсіну, деңгейлік
тапсырма, сұрақ - жауап жұмысы, практикалық жұмыс
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық
Пәнаралық байланыс: математика
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер,
электрондық оқулық,
карточкалар, амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғағыш сымдар, қыздыру шамы, реостат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. "Мен не үйрендім?"
Өткен тақырыпты қайталау.
А) "Кім жылдам?"
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогы пайда болуының шарттары қандай?
3. Электр тогының қасиеттері қандай?
4. Ток күші дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
5. Ток тығыздығы дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
6. Электр қозғаушы күш дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
7. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай айтылады? Формуласы?
8. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді? Формуласы?
9. Өткізгіштерді тізбекке қалай жалғаймыз?
10. Тзбектей жалғау дегеніміз не?
11. Параллель жалғау дегеніміз не?
12. Тізбектей жалғау кезіндегі ток күші, кернеу, кедергінің мәндері қалай өзгереді?
13. Параллель жалғау кезіндегі ток күш, кернеу, кедергінің мәндері қалай өзгереді?
14. Толық тізбек үшін Ом заңы,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>