Тұлпар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Тұлпар" зияткерлік сайысы

Мақсаты:
1. Студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Студенттердің қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекілік: Лента, жалау, ысқырғыш, таймер, бейнеролик, слайд, таратпа материалдар.

Түрі: зияткерлік сайыс

ОЙЫН БАРЫСЫ

1 жүргізуші Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және студенттер!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп

Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. , құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, "Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар" сайыскерлер.

2 жүргізуші
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады
- дей отырып, " Тұлпар " атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз
1 жүргізуші
Сайысымыздың мақсаты:
1. Студенттердің мамандық алудағы кәсіби іскерлігін, шеберлігін байқау, үздігін анықтау
2. Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, танымдық дағдыларын дамыту, теория сабағында алған білімдерін тексеру, оқуға ынтасын, қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

2 жүргізуші
3. Студенттердің өздігінен ізденуін, жұмыс жасауын дағдыландыру.
4. Студенттердің, есте сақтау, ұйымдастыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ал сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық:
1 Достық
2 Жез

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: