Білім беру саласы: "Әлеуметтік орта"
Оқу іс әрекеті: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: "Түлкі мен тырна"
Мақсаты: Балаларға үстел үстіндегі театр және көлеңкелі театр туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. Көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, сөздік қорларын молайту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлеңкелі театр, үстел үсті театрының атрибуттары, жүректер.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, салыстыру, мадақтау.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері: - Балалар сендердің бір - біріңе қарап күлгендерің қандай әдемі, жүздеріңнен тек жылулық сезіліп тұр. Мен де сендерге өз жылуымды беріп "Қайырлы таң" деймін. Сендер де бір - біріңе қайырлы таң тілеп, күнмен сәлемдесіп, қонақтарға да жақсы тілек білдіріңдер.
Осы мезгілде залға түлкі кіреді.
Түлкі: - Мәссаған, мен қайда келдім. Өзімше үйіме бара жатыр едім.
Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы бұл кім?
Дұрыс айтасыңдар.
- Түлкі сәлеметсіз бе? Сен балабақшаға келдің. Сен қайдан келесің және қолыңда не бар?
- Түлкі: - Мен орманнан келемін. Бір ақымақты алдап, қулығыммен сандығын алып алдым.
- Тәрбиеші: - Бұл сандықтың ішінде не бар екен?
- Түлкі: - Өзімде білмеймін, өзі сондай әдемі сандық.
- Тәрбиеші: - Қане, ішін ашып көрейікші.
- Түлкі: - Жо-ға ішіндегіні алып қояйын дейсіңдер ғой?
- Тәрбиеші: - Жоқ түлкі алмаймыз.
- Түлкі: - Жарайды, бірге ашайық, ішіндегі менікі.
- Тәрбиеші: - Жарайды.
- Сандықты ашып, ішінде ертегі
кейіпкерлері екен.
- Балалар қараңдаршы бұл не?
Дұрыс айта
Страницы: 1 | 2 > >>