Математика
Тақырыбы: Өткенді пысықтау
Мақсаты: сандарды бір-біріне қосу, азайту, есептерді шығару, қайталау, белсенділігін арттыру, математикалық тілін, өз бетінше жұмыс істеуін, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, қайталау, көрнекілік, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, карточкалар, жұлдызшалар, магниттер, сандар, жапырақтар, қоңыздар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. "Амандасу"
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қайырлы күн, ұлдар!
Қайырлы күн, қыздар!
Сейсенбі күнің бүгін,
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаларың,
Кілең бестік болсын!
- Жақсы. Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарды білімімізбен қуантайық, жақсы көңіл-күй сыйлайық. Сабаққа сендерге сәттілік тілеймін. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қосу мен азайтуды қайталап, есептер шығару, өрнектің мәнін табу және салыстыру.
- Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?
- Адам
- Неге адам деп ойлайсыңдар?
- Сендерде ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше өз білімімізге сеніп, сабағымызды
"Миға шабуылдан" бастайық. Әрбір дұрыс жауапқа магниттер жылжытылады.
ІІ. Миға шабуыл
1)Ауызша жаттығу
1) 213
2) 112
3) 2 мен 2-нің қосындысы (4)
4) 4 пен 1-дің айырмасы(3)
5) 3 пен 1-дің қосындысы (4)
6) 4 пен 1-дің қосындысы (5)
7) 2 мен 3-тің қосындысы (4)
8) 5 пен 1-дің айырмасы (4)
9) 5 пен 2-нің айырмасы (3)
10) 5 пен 4-тің айырмасы (1)
2) Сурет бойынша есеп құрастыр ( тақтада сурет берілген, сол суретке ауызша есептер құрастырады).
oo Өте жақсы, балалар! Келесі сендерге карточка бе
Страницы: 1 | 2 > >>