Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру сапасы: "Денсаулық"
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: "Тісің болса, тіске басар табылар"
Мақсаты: Тістің құрылысымен таныстыру. Тіс аурулары туралы мәлімет беру. Тісті күту ережелерін үйрету.
Билингвальдік компоненті: Тіс - зуб.
Ауыз-рот.
Ерін-губы.
Дидиактикалық құрал: интербелесенді тақта
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
1-кезең
Мотивациялық
қозғаушы
Балалар, оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы! Жүрегіміздің соғысын сезінеміз бе? Жүрегіміз қандай?
Олай болса жүрегіміздің жылуын достарымызға сыйлаймыз.
Әділет айтады: Менің жүрегім ыстық, нәзік, бақытты, мейірімді, қамқоршы, сезімтал.
2 кезең
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік
Балалар, досыңа не тілейсің?
Жұмбақ жасырады:
Өзі аппақ маржандай,
Тамақ өтпес шайналмай,
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас (тіс)
Балалар мен сендерді кәзір "Тіс" аялдамасына шақырамын.
Дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын тістің алты ай болғанда шығатынын, оны сүт тіс деп аталатынын айтады. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Оның орнына негізгі тістер шығады. Бұл тістердің көлемі үлкендеу, барлық тісі сиып тұруы үшін жақтары да өседі. 12 жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Көпшілік үлкендерде 20 жасқа толғанда 32 тісі шығып болады, Алманы немесе ірімшікті тістеп көріп таңбасына көңіл аударуларын сұрайды.
Әліппе дәптерінен тістің және жақтың құрылысын көрсетеді. Тістің негізгі қызметі - тамақты шайнау. Тіс - біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Тістің барлығы жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тіс біздің денеміздегі е
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>