Тірі табиғат дүниесі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сынып
Күні:

Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі

Мақсаты: Оқушыларға тірі табиғат дүниесі туралы мәлімет беру. Ағзалық әлемнің маңызын көрсету. Тірі табиғат дүниесінің топтарға жіктелуін мәлімдеу.

Міндеті: Тірі ағзаның негізгі қасиеттерімен таныстыру. Өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас ағза екенін қалай дәлелдегені туралы оқып үйрету

Құрал-жабдықтар: вирустар, саңырауқұлақтар, бытыраңықтар, қыналар, өсімдіктер, жануарлар суреттері. Электрондық көрсетілімдер.

Сабақ типі: жаңа сабақ түсіндіру.

Әдістемелік шешім: оқушылармен сұхбаттасу арқылы дәріс-сабақ жүргізу.

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу
1. Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі
3. Вирустар дүниесі
4. Бытыранықтар дүниесі
5. Саңырауқұлақтар дүниесі
6. Қыналар дүниесі
7. Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері.

1. Бүкіл дүние жүзінде тіршілік етіп, өмір сүретін барлық ағзалар жиынтығы - ағзалық әлем деп аталады.
2. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз - биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғарғы тобы. Дүние жүзінде ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі.
Тірі табиғат дүниесі

саңырауқұлақтар
вирустар бытыраныктар

өсімдіктер жануарлар
3. Вирус - "У" деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия
4. Бұлар микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады.
5. 1-ші қасиеті өсімдіктерге ұқсас. Олар қозғалмайды, жасушасы тығыз қабықшамен қапталған. 2-ші қасиеті - жанурларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалық зат түзбейді, дайын ағзалық заттармен қоректенеді.
6. Қыналар - сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: