Тіл мерекесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

нді әркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым - ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі.
Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті.
ІV Жұмбақ шешу
Тілден ұшып, құлаққа қонады. (Сөз)
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама (Кітап)
Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)
Оттан да ыстық, ол не. . ? (Отан)
Көкпеңбек еді көктемде, Қызарады күзге жеткенде (алма)
Жерге тырс тырс тамады, Сайға қарай ағады, Шешуін кім тамады? (Жаңбыр. )
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң жаның рахат табады. (Ағаш)
V Құрастыру ойыны.
Қорытынды. Сұрақ-жауап
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Рахмет сендерге. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде" деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық.







Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: