Тәуелсіздік
тірегі- тіл»
атты тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара
өткізген:қазақ тілі және әдебиет
мұғалімі М. Б. Торина
Қарағанды қ. 2011ж.
Тәуелсіздік тірегі- тіл
Мақсаты:1. Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке- Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз!
Көрнекілігі:итерактивті тақтада Президент портретін, Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің портреттерімен нақыл сөздері,«Қазақстан халықтарының достығы», Қазақстанның көркем жерлері туралы слайдтар көрсету.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:-Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бәрімізге 22- қыркүйек тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап « Тәуелсіздік тірегі- тіл» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.
Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов.
Халқымыздыңбастан өткерген тарихының әр беті бізге қымбат. Соған орай егеменді қазақ елінің жылнамасына өшпестей болып жазылар тарихи оқиғалар аз емес. Соның бірі 1986 жылғы Желтоқсан оқйғасы өзінің жойқын батылдығымен кезінде дүниені дүр сілкіндірді. Осы оқиғадан кейін егемендік туын көтерген Кеңес Одағы құрамындағы 15 республика да желтоқсанның қақаған аязында өз елінің бостандығын аңсап, алаңға шыққан қазақтың өрімдей жас буындарына белгілі дәрежеде мәңгілік қарыздар.
Міне , осыдан кейін еліміздің өзінің тәуелсіздігін жариялағанына да 20 жылға жуық уақыт өтіпті
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>