Тіл дамыту

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы : Нан қайдан шығады
Білім беру саласы : "Таным"
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты : - Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуге үйрету;
Еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Егістіктегі жұмыс түрлерімен және көлік түрлерімен таныстыру;
Құрал - жабдықтар : егістіктегі еңбек туралы сурет,наубайшы - қуыршақ.
Билингвальды компонент : нан - хлеб, наубайшы - пекарь,құмырсқа - муравей .

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Үнтаспа қосылып,жер жыртып,бидай жинап жүрген трактор мен комбайынның дыбыстары естіледі.
Тәрбиеші балалардан қандай дыбыстарды естіп тұрғандарын сұрайды.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ды-ды-ды комбайн жинайды
Ты-ты-ты трактор жер жыртты.
Жарты шеңбер жасап отырады. Үнтаспадан шыққан дыбысқа назар аударады. Дыбыстарды ажыратады.

Тіл ұстарту жаттығуын бірге айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру
Есік қағып ,наубайшы кіреді,амандасады.
Наубайшы :
-Маған комбайыншылар мен тракторшылар керек еді . Қоймада ұн азайып нан мен тоқаштар бітуге аз қалды.
Шығармашылық сәт
Балаларды өнер орталығына отырғызып,қамырдан нан өнімдерін мүсіндеуді ұсынады. Жасаған нандарын Наубайшыға сыйлатады.
Наубайшы :
-Сендер нанның қалай дастарқанға келетінің ,ұнның қайдан пайда болатынын білесіңдер ме?
Сергіту сәті
Бірінші мен екінші,
Болсын делік егінші.
Үшінші мен төртінші,
Суға барды трактошы.
Бесінші мен алтыншы ,
Нан пісірді наубайшы.

Тыныс алу жаттығуы
Наубайшы балаларға тәрелкеге салынған нан,бауырсақты көрсетеді.
-Қане, искеп көріңдерші ,қандай дәмді иіс.
"Сөйлемді аяқта" сөздік ойыны
Еңбек сүйгіш құмырсқа
Асығады . . . . . . . .

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: