Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Ертегінің негізгі ойын ашып,
тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.
2. Балалардың ауызша сөздік
қорларын дамыту.
3. Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау облысының картасы
сюжеттік суреттер, дидактикалық
материалдар
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би-билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты
-Балалар, бүгін біз сабақта Маңғыстау вокзалынан ел ордамыз Астанаға саяхатқа шығамыз.
-Астанаға барып көргендеріңіз бар ма?
-Астанаға немен барамыз?
-Пойызды кім жүргізеді?
-Көмекшісін кім дейміз?
-Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?
-Балалар ,Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз тоқтайтын аялдамалар қалай аталады?
-Бекеттер.
-Дұрыс айтасыңдар, Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз бірнеше ірі аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. Әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек. Олай болса
Жолаушы азаматтар, Маңғыстау-Астана пойызына
қош келдіңіздер!
Пойызға міну үшін не керек?
-Билет
Билет алу үшін мынажұмбақ ты шешіп көрейік:
Нан атасы киелі
Барлығы ауыз тиеді
Ол не? ( бауырсақ)
-Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, . Енді Маңғыстау бекетінен пойызға мінеміз.
Бірінші аялдама бекеті.
Тапсырма: Үй т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>