Тиін. Қазақстанның жан-жануарлары

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Өткізген: Каримжанова Т. К.
Топтын жас ерекшелегі: ересек топ
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: "Тиін. Қазақстанның жан-жануарлары"
Мақсаты: қазақстандағы жануарлар әлемінің бір түрі тиінмен таныстыру және оның суретін салуды үйрету.
Міндеттері:
БМ: балаларды сүйікті тиіннің суретін салуға үйрету, оның пішінді, дене бөлшектерді, түстерді дұрыс таңдауын бекіту.
ДМ: сурет салуда шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз өлкесінің жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
ТМ: тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: тиін- ойыншық, тиіннің суреті, ақ қағаздың беті, акварель бояулары, су стакандағы, майлықтар, қылқалам, жай қарындаштар.
Сөздік жұмыс: үлпілдек.
Қостілділік компонент: тиін-белка.

Қызметтің кезеңдері
І. Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог балаларды ұйымдастырып, "Шаттық шеңберін" құрып, "Амандасу рәсімін" айтады:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқарайды қаламаз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң достарым

ІІ. Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балаларға жұмбақ жасыру.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
/Тиін/
Балалар жұмбақты шешеді.
Кіріспе әңгімеде Қазақстан аумағын мекендейтін жабайы жануарлар атауын қайталап шығады. Тиінмен танысады.
-Тиін-әдемі кішкентай аң. Тиіннің денесі алмұрттәріздес, басы кішкентай дөңгелек, тұмсығы үшкір және қысқа. Көздері үлкен әрі дөңгелек. Құлақтары тік үшбұрышты. Құлақтарының ұшында шоқтары бар. Оның алдыңғы аяқтары қысқа. Артқы аяқтары анағұрлым күштілеу-олар жуандау әрі

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: