Сыныбы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев "Толағай" әдеби ертегісі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: "Толағай"әдеби ертегісінің жазылуына назар аударту, Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау.
Тәрбиелік:Туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әдеби ертегіні талдау, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап, СТО
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Көрнекіліктер: Буклеттер, тақырыпқа байланысты суреттер
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
1. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасу.
2. Сынып іші тазалығына көңіл бөлу.
3. Оқушыларды түгелдеу.
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі топтық жұмыс түрінде өтіледі.
Жаңа сабақ"Ой қозғау" стратегиясы.
Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.
Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Атақты ақын Нартай келіп, Әблділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. "Сыр елі - жыр елі" атанған сырда туып - өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.
Ә. Т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>