Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән: физика 9 «А» сыныбы, мұғалімі Калтенова З. К.
Тақырыбы :Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау,бекіту. Тәжірибе жүзінде маятниктердің қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау. Маятниктің тұрмыстағы техникадағы, өмірдегі рөлін анықтау.
2. Дамытушылық:Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді бекіту, қайталау сабағы
Қолданылатын жаңа технология: ақпараттық технология, СТО-ның белсенді стратегиялары
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: зерттеу, ізденіс, тәжірибелік, талдау, жинақтау
топтық
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сәйкестік тест,семантикалық карта,
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер,интерактивті тақта,документ камера, штатив, жүктер, жіп, шар, серіппелер, секундомер
Құзыреттілікке бағыттап оқыту : Оқу-танымдылық құзыреттілігі;
- Коммуникативтік құзыреттілік.
- Ақпараттық құзыреттілік
Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық : Ынтымақтастық атмосфера құру
Әр топ бір-бірінің қолдарын ұстап,өз ұрандарын айтады.
І топ:«Жиілік»тобы
ІІ топ: «Период» тобы
ІІІ топ: «Маятник»,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: