Темекінің зардабы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Темекінің зардабы".
Сабақгың мақсаты:
1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.
2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.
3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.
Сабақтың көрнекілігі:
Тақырыптарға байланысты суреттер.
Сабақтың түрі: пресс-конференция.
Сабақтың барысы:
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
- бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";
- бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";
-бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:
"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".
Тренинг: "Ыстық алақан". Оқушылар бір- біріне жақсы тілеутерін айтады.
Слайд қарау. Сол көрсетілім арқылы оқушыларға сұрақтар жолдау.
Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.
-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:
Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: