Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және шешу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: теңдеу және шешу жолдарын ұғындыру. Есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға үйрету.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорын,математикалық ойлауын дамыту, СТО технология элементтерін пайдалану.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа, елін, жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Өз елінің патриоты болуға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, суреттер.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО элементтері.
Іс - әрекет: Ұжымдық, топтық, жұптық, жекелей.
Пән аралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру барысы: Құрметті оқушылар! Бүгін күндегіден өзгеше сабақ. Ашық сабақ. Сабағымызға мектеп мұғалімдері келіп отыр. Ұстаздарымызға тек жақсы білімімізді көрсете білейік.
Балалар, тәуелсіз еліміздің тірегі сендерсіңдер. Сондықтан да сендер білімді, тәрбиелі азамат болуларың керек. Қазіргі таңда еліміздің дамуына өз үлесімізді білімімізбен көрсетуіміз керек.
Тәуелсіз еліміздің балалары өз бойларына ізгі қасиеттерді дамыту керек деген тілекпен бүгінгі сабаққа тәуелсіз елдің картасын дайындадым.
Бұл картада әрбір қаланың балалрының бойынан осындай жақсы қасиеттер, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерің арта берсін және сендердің бойларында осыларды көргім келеді.
Осы Тәуелсіздік картаға назар аударып, әр қалаға саяхат жасайық.
Психологиялық дайындық:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғыланы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз.
Ренжісуді білмейміз.
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас - ұлан.
Үлгі аламыз жақсыдан.
1-слайд. Үй тапсырмасын тексеру.
"Сенім" қаласына саяхат.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>