сырма. Қызыл түс.
С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз. С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды. Тістердің арасы сәл ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі, салқын ауа пайда болады. Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұсқсайды. Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі, жылы ауа пайда болады.
Тілді төмен са-са-са - би билейді жараса!
Тілді жоғары ша-ша-ша - біздің шана тамаша!
2-тапсырма. Көк түс.
"Кім зейінді?" ойыны.
Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп, буынды қайталайсыңдар.
са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу, .
3-тапсырма. Сары түс.
Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар.
Мысалы: сана, сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина.
4-тапсырма. Жасыл түс
Дидактикалық ойын: "Қай баған?" (сурет бойынша "с" дыбысынан басталған сөздерді "с" бағанына, ал "ш" дыбысынан басталған сөздерді "ш" бағанына орналастыру қажет)
Ш
С
5-тапсырма. Қызғылт-сары түс
С-Ш дыбыстарын сөздерде ажырату.
Ұста-ұшта
Аласа-алаша
Өсу-өшу
Қас-қаш
Сал-шал
Сана-шана
Сабақ-шабақ
Істі-ішті
Сала-шала
Асу-ашу
Сақ-шақ
Асық-ашық
6-тапсырма. Көгілдір түс
"Бұл қалай өзгереді?" ойыны.
Логопед балаларға түбір сөздер айтады, балалар түбірге тиісті жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасайды.
-шы немесе -сы
Мал. . . . . . бала. . . . . .
Сауын. . . . . . ана. . .
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>