Тақырыбы: Есімдер сыры

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: Есімдер сыры
Мақсаты: Оқушыларды есімдердің сыры туралы мағлұмат беру. Әр есімде даналық мағына бар екеніндігін түсіндіру. Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққатәрбиелеу
Жоспар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаттығу жұмыстары
3. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) т амандасу;
б) назарларын сабаққа аудару.
ІІ Сұрақтар:
1) Адамның дене мүшелерін жылдам айтып шығу.
2) Сыныптастардың келбетін сипаттап айту
Ой шақыру
1. "Атына затына сай" дегенді қалай түсінесіз?
2. Өздеріңіздің есімдеріңіздің сырын білесіздер ме?

Қажет сөздер

азан шақырып ат қою
ат қою
"аты затына сай", ырым,
дүниеге келу, құрмет, сәби,


мәтінді тыңдайық
Сәбиге ат қою
Қазақтарда балаға ат қалай қойылады?
Ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алады, азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды:
-Сенің атың - Әлихан! Сенің атың - Әлихан! Сенің атың - Әлихан!
Баланың аты затына сай болсын деп атақты, беделді азаматтардың есімдерін қояды. Менің әжемнің аты-Күнсұлу. Қазір де көп адам баласына: Дінмұхамед, Нұрсұлтан, Қуаныш, Марғұлан, Абай, Сәкен, Абылай, Жәнібек, Алпамыс, Зере, Айғаным, есімдерін ырымдап қойып жатады.
Мысалы, 2011 жылдың қараша айында туған 228 ұл балаға Ерасыл есімі берілді. Ерасыл- атақты Қабанбай батырдың шын аты. Ал 326 қыз Айару есімімен аталды. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтандар да көбейе бастады. Бізбен бірге Асылбек есімді бала оқыған. Бұл есім Елбасы құрметіне қойылып жатыр.
ХХ ғасырда қазақтың анасы Қамаш апай 20 бала туған. Он сегізінші қызына Тоқтар есімін қойған. Сонда ол кісінің қыз баланың туылғаны тоқтап, ұл бала туылады деген үміті болған.


Ақын болсын деп -
А

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: