Тақырыбы: Бізді қоршаған дыбыстар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні:
1. Білім беру саласы: Қатынас
2. Бөлім: Сауат ашу
Тақырыбы: Бізді қоршаған дыбыстар
Мақсаты: балаларға дыбыс туралы, олардың кейде жуан, кейде жіңішке айтылатыны туралы түсінік беру, ойын элементтерір пайдаланып, есту қабілеттерін,жаттығулар жасату арқылы саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: әдемі қорапшалар, кішкентай ойыншықтар-маса, ара, жылан; аю, арыстан, лақ, қозының суреттерінен жасалған слайд, дыбыстардың аудиожазбасы.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын айтқызады:
Бақыт деген-
Осы шаттық шеңбері.
Қол ұстасып, тұрайықшы кел бері.
Бақыт деген- Көрмей қалса сағынып, Мені іздейтін адал жүрек сендегі.
Қол ұстасып, шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.


Ұйымдастыру-іздестіру
Жаңа тақырып
-Балалар, мына әдемі қорапшаларға қараңдаршы. Ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін сыртынан тыңдап көрейік.
Бір бала келіп қорапты құлағына жақындатып тыңдайды. Аудиожазбадан масаның ызылдағаны естіледі. -Ненің дауысы деп ойлайсың?
Дұрыс атаған сайын ішіндегі ойыншықтарды шығарып отырады. -Айтыңдаршы, мына қораптың ішінде маса бар екенін қайдан білдіңдер?
-Маса қанадй дыбыс шығарады?
-Жылан қандай дыбыс шығарады?
-Ит қандай дыбыс шығарады?
Балалардың жауабынан соң:
-Сендердің естігіендеріңнің, айтқандарыңның бәрі-дыбыстар.
Дыбыстарды біз айтамыз, естиміз. Дыбыстар әртүрлі болады:олардың кейбіреулері созылады, кейбіреулерін созып айтуға келмейді, кей дыбыстар жуан айтылса, кей дыбыстар жіңішке айтылады.
"Жану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: