Технологиялық карта.
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы: "Тауық пен балапан "
Мақсаты: жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуге үйрету; балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттырып, ермексаздан түрлі пішіндерді жасау дағдыларын дамыту; эстетикалық талғамдарың жоғары болуына жағдай жасау. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үй құстарының суреті, ермексаз, тақтайша, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық балапан.
Билингвальді компонент: тауық- курица, балапан- цыпленок, үй құстары - домашные птицы
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
Үнтаспаны қояды.
-балалар , балабақшаға біреу келген тәрізді. Естисіңдер ме, ат тұяғының тақылдағанын? Біреу бізге атпен келген тәрізді.
-Есікті ашып қарайық. О, бізге сыйлық тастап кетіпті, қасында хат бар.
Хатты тауық жазыпты.
"Балалар , менің балапандарым адасып кетті. Маған соларды іздеп табуға көмек бересіңдер ме? Мен сендерден көмек күтемін!" депті.
-шеңберге тұрады.
-балалар таңғалады
-қызығушылық білдіреді
Ұйымдастыру-шылық ізденістік
-Балалар, тауыққа балапанын табуға көмектесеміз бе?
Балапан ойыншықты көрсетіп:
-осындай әдемі балапандар жасасақ қайтеді?
-балапанның басы қандай ?
-денесі ше?
-тауыққа көмектесуге ынта білдіреді.
-сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Сөздік жұмыс: үй құстары
Үй құстарын адамдар өсіріп, күтеді, үй жағдайында ұстайды. Қорада тұрады. Жем жейді.
Дидактика
Страницы: 1 | 2 > >>