Сабақ жоспары
Шақат орта мектебі.
Сынып: 5
Пән: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Аралов С. Б.
Сабақтың тақырыбы: Тарихи карта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Картаның пайда болуының алғышарттары, ерте заманнан біздің күнге дейін жеткен карталардың тарихы, оларды құрастырған ғұламалар туралы білім беру.
Дамытушылық: Картаға қарай отырып, ондағы берілген шартты белгілер арқылы картаны оқи білу, оны тақырыпты түсінуде, сабақты айтуда көмекші құрал ретінде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, өз елін, жерін бағалай білуге, қорғауға, өзге елдің тарихын, дербестігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Дүниежүзінің саяси картасы.
2. Қазақстанның физикалық картасы.
3. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
4. Ежелгі карталардың үлкейтілген суреті.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өздік жұмыс, кесте толтыру, баяндау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Сұрақ-жауап.
1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
2. Ежелгі Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпаларының түсінігі бойынша әлемнің неше бұрышы болған?
3. Сақтардың түсінігі бойынша әлем қандай құрылымнан тұрады?
4. Ежелгі түріктердің діни нанымы туралы баянда.
5. Ертедегі адамдардың түсінігі бойынша отбасы қамқоршысы кім болды?
6. Түріктер үшін қасиетті болып не есептелінеді?
7. Б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген арий, тур және сақ тайпалары Күнді құрметтеп, неліктен оның құрметіне тек жылқы малын құрбандыққа шалған?
8. Қазақтар кеңістікті тағы қалай атаған? Синонимдерін ата.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Жоспары:
1. Карта ұғымы туралы түсінік.
2. Ерте замандағы адамдардың пайдаланған карт
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>