Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т. б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

Мысалы: 1. "Қазақ жүздеріне сипаттама бер"
жүздер
территориясы
ұраны
Жүздерге енетін тайпалар
Ұлы жүз



Орта жүз



Кіші жүз




2. "Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер"
1. Территориясы
2. Қоғамдық құрылысы
3. Ішкі саясаты
4. Сыртқы саясаты
5. Құлау себебі
6. Қорытынды

3. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері
Көтерілістің ортақ белгілері
1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері

4. "Портреттер сөйлейді" (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Қабанбай Бөгенбай

5. "Бұл кімнің сөзі?" (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т. с. с.

Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар о

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: