ірді жығар, . . . . . . . . . . . Білімді мыңды жығар
"4" сынып:
1. Оқусыз білім жоқ, . . . . . . . . . Білімсіз күнің жоқ.
2. Қына - тасқа бітеді, . . . . . . . Білім - басқа бітеді.
3. Досы көпті жау алмайды, . . . . . . . . Ақылы көпті дау алмайды.
"2 топқа" :
1. Судың да . . . . . . сұрауы бар
2. Кісі елінде сұлтан болғанша, . . . . . . . . . . Өз еліңде ұлтан бол
3. Оқу инемен . . . . . . құдық қазғандай
Білім, ой мен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.
3-айналым. "Жүйрік болсаң, озып көр" - шебер қолдар сайысы. Әр сыныптың оқушыларынң қолдары байланған. Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне өрнек түсірілген қағаз берілген. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай - 5, уақыттарына қарай ұпай саны кеміп отырады.
Әдемі әуен қойылады.
4-айналым. "Тапқыр болсаң, тауып көр". Әр сынып мына жердегі әріптердің біреуін таңдап алу қажет. (Әріптер таңдап алынады). Айналымның шарты - берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек. Мысалы: М - әрпін таңдатып, бір мұғалімге ойнату арқылы түсіндіру. (Әріптер Б,С,А,Е,Т)
Мұғалімге:
1. Пырылдап ұйықтайтын не?
2. Қиындықты қалай жеңесіз?
3. Ұстаз кім?
4. Тіл не үшін керек?
5. Сіз кімсіз?
6. Ананың көңілі балада, баланың көңілі . . . . .
7. Ұялғанда не істейсіз?
8. Күн ішінде не бар?
Оқушыларға:
1. Суды немен ішесің?
2. Сенің досың кім?
3. Бүгін сенде неше сабақ?
4. Қандай тағамды ұнатасың?
5. Қай көшеде тұрасың?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>