Тамырдын түрөзгерістері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тамырдың түрөзгерістері
Сынып: 6 сынып
Пәні: Биология
Тақырыбы: Тамыр түрөзгерістері
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байлансты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, оқулықтағы суреттер
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1- карточка
Дұрыс жауап тұсына белгі қой
Өсімдіктің қоректену ерекшеліктері:
І. Өсімдікке азоттың жетіспегенін қалай білуге болады?
А) жапырақтары дамымайды;
В) түйнектері майда болады;
С) жемістері көпке дейін піспейді;
Д) жапырақтары бозарып кетеді;
Г) сабақтары әлсіз болып жатып қалады.
ІІ. Бөлмеде өсетін өсімдіктердің өсу нүктесі қурап қалса минералды тұздардың қай түрін көбірек пайдалану керек?
А) борды
В) азотты
С) калийді
Д) фосфорды
Е) кальцийді
ІІІ. Өсімдік тырбиып бойы аласа, сабағы әлсіз болып өссе топырақта қай элемент жетіспейді?
А) азот
В) калий
С) фосфор
Д) мыс
Е) кальций
2- карточка
Тізімдегі органикалық және минералды тынайтқыштарды бөліп кестеге толтыр.
Органикалық тынайтқыштарМинералды тынайтқыштар


3- карточка
Дұрыс жауаптың тұсына белгі қою арқылы сұрақтарға жауап бер
І. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға қайсысы жатады?
1. Өткізгіш; 2. Түзуші; 3. Жабын; 4. Негізгі-фотосинтездеуші; 5. Тірек; 6. Негізгі-қоректік; 7. Бөліп шығарушы.
ІІ. Әсіресе қыста және көктемде бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының сарғаюы қандай элементтің жетіспеуінен деп ойлайсыздар?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: