Табиғат тал бесігің, аялай біл!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы : "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!"
Мақсаты : оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
:: Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
:: Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
:: Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме қымбатты оқушыларым! Бүгінгі күн біздер үшін ерекше күн, себебі мектебімізде "Табиғатты аялау күні". Аталған күнге байланысты ашық сабағымыздың тақырыбы "Табиғат - тал бесігің, аялай біл". Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата - бабамыз "Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық" деп өсиет айтып кетуі тегін емес. Табиғат пен Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Олай болса барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Табиғат - бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Әр қайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз, сондықтан да шаттық шеңберінде Жер - анаға деген ізгі тілегімізді білдірейік.
Тапсырма. "Өз қалауыңмен асқар тауға, айдын көлге, ну тоғайға, қалың орманға, биік шыңға, жасыл өсімдікке, жүгірген аңға, ұшқан құсқа, кең далаға хат жазу" (әр оқушының жауабына қағаздан қиылған гүлдер беріледі) Балалар, қолдарыңыздағы гүлдердің түсіне байланысты екі топқа бөлініп отырайық.
Ассоциация "Табиғат"
- Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен
сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие. Табиғаттың сан қыры мол, сұлулығымен көз тартатын ерекшелігі арқылы әр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: