Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Дамытушылық:
Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы,
топтастыру, баяндау,
Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі
қағаздар,слайд, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.
Cыныпты түгендеу.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Бейсенбінің күні,
Сәттілікке толсын!
Бүгін алар бағамыз,
Кілең "бестік" болсын
Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
( топқа бөлу )
oo 1топ-Шуақтар
oo 2 топ- Тамшылар
oo 3 топ-Жұлдыздар
4 топ- Кемпірқосақ
Топ ережесін құру, таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
"Сиқырлы қорапша" ойыны.
1. Дене деген не?
2. Дене нешеге бөлінеді?
3. Табиғи денені атап шық.
4. Жасанды денені ата.
5. Табиғи дене нешеге бөлінеді?
6. Тірі денелерді атап шық.
7. Өлі денелерді ата.
8. Зат қасиеттерін атап шық.
9. Дене неден тұр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>