Тақырыбы: Сөз таптары.
3 - сынып
Мақсаты:
1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері; топтау, бес жолды өлең, көрнекілік, Венн диаграммасы болжау, т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, кестелер, плакат, маркер, т. б.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану
Сабақтың жүрісі:
1. Психологиялық ахуал
(Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады).
Қызығушылығын ояту
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дана тілім,- деп сабағымызды бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Түбір сөз дегеніміз не? мысал келтір
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ пен жалғау туралы айтып көр.
- Туынды сөз дегеніміз?
Ой қозғау
Келді тағы қыс,
Дала аппақ түс.
Екі аяқты шаңғымен
Дөңге шықтық бәріміз.
(Өлеңнен заттың атын, қимылын, түсін, санын білдіретін сөздерді табу)
Мағынаны тану.
Зат есім Сын есім
Сөз таптары
Сан есім Етістік
І топ: Зат есім
ІІ топ: Сын есім
ІІІ топ: Сан есім
ІV топ: Етістік
3. Оқулықпен жұмыс:
1 - жаттығу (Өз жазғандарымен салыстырылады)
3 - жаттығу
І топ: Жұлдыз, тау, ата, ақын, адам, құс
ІІ топ: Көк, үлкен, биік, жасыл
ІІІ топ: Екі, жеті, отыз
ІV топ: Оқыды, жуынды, жүзді
5 - жаттығу Жаңылтпашты жатқ
Страницы: 1 | 2 > >>