Сөз және оның мағынасы

Страницы: 1 | 2  >  >>

ВЕСЕЛАЯ РОЩА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ








5 - сынып








Мұғалім: Ахмединова Айнұр Бағадатовна






2015 оқу жылы
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағыналары
Сабақтың мақсаты: 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру
2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу
Сабақ: аралас
І. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық).
ІІ. 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Сөз - дегеніміз не?
- Сөздер неден құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазамыз.
Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ, оқушы, әдемі, он жеті, тоғыз, жүйрік.
Сөздер мағынасына қарай сөз топтарына бөлінеді.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
3. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім ережелерін еске түсіру.
4. Сөздердің мағынасын түсіндір.
Жол - жал - жыл - жел.
а ) Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады?
Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді?
ә ) Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса.
(жоқ, жан, жыр, жем )
5. Ойын " Ойлан тап!"
Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын буынды тап.
қал - быс
бал - мақ
ма -- лант
(табыс, талант сөзінің мағынасын ашу, түсіндіру)
6. Жаңа сабақ " Сөз және оның мағынасы"
7. 201 - жаттығу. (а - а)
Жуық мағыналы сөздер, оларды бірінің орнына бірін қолдануға болады.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: