Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетінін түсіндіру;
ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық дайындық
Қайырлы күн ,балалар,
Аспанымыз ашық болсын!
Аптаның бұл күні,
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алар бағаңыз,
Кілең "бестік" болсын!
Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамыту
Оқушы:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ана тілінің қызметі жайлы жазып келген әңгімелерін оқыту.
III. Білім тексеру.
Өздік жұмыс
Жасыл, әсемпаз,үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құраңдар.
ІV. Жаңа сабақ:
Ә) Мағынаны тану
Лексика - белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз - зат не құбылыс атауы. Сөз дыбыстар тіркесінен жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағына мен тығыз байланысты. Дыбысталу - сөздің сыртқы қабығы, мағына - сөздің ішкі мазмұны. Тілімізде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, сияқты, таман.
Осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгерет
Страницы: 1 | 2 > >>