л мен үшін ең бақытты күндерім
Анам саған бақыт сыйлап жүргенім
Қ-сы.
3. Білім іздеп жоғары шық жасқанбанба
Бірақ жаным мұны естен тастама
Алғаш ұстаз салып берген сара жол
Бақытыңнан адастырмас қашанда
Қ-сы.
Жүргізуші:
Төрт жыл бойы оқыған
Ойға білім тоқыған
Апалар мен ағалар!
Орындалды ойыңыз
Құтты болсын тойыңыз! – дей келе мектебіміздің оқушыларын ортаға шақырамыз.
(1-3 кластар тақпақтары)
Жүргізуші:
Мектебімізде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімізде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімізде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға,- дей келе «Бала тілегі» әнімен Ару мен Арайды ортаға шақырамыз.
Ән: «Бала тілегі»
Жүргізуші:
Келесі орындалар әсем бидің куәсі болыңыздар «Мамбо» биімен ортаға Тұрғалиева Гүлназ бен Ахабаева Жұпарды шақырамын.
Би: «Мамбо»
Жүргізуші:
Мерекеде басты қостық бәріміз,
Жарасады әніміз бен сәніміз.
Әуенімен тербелейік вальстің
Бірге толқып әсем сазбен жанымыз.
Білім-теңіз, мектеп кеме деседі,
Ұстаздардан тәлім алып еселі.
Садовыйдың жалын атқан жастары,
Өзгелерден тұрады ылғи көш ілгері,-дей келе ортаға бастауыш мектебіміздің түлектерін шақырамыз.
Би: «Астана вальсі» мектеп түлектері
Жүргізуші:
Мында біреу жымияды қызына,
Мында біреу ақыл айтады ұлына,
Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мында біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім?-десең,
Қуаныштан езулерің жымиған.
Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.
Баласының болашағы үшін өмір сүретін,
Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам, -дей келе, сөз кезегін ата-аналарға берейік.
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстазд
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>